Осы орайда, Түркістан облысының әкімдігі тарапынан тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігінің qov.kz ресми интернет ресурсында сайлау туралы мәліметтер екі тілдік нұсқада орналастырылған.
Өңір тұрғындары https://tur.saylaw.kz/ сайтына кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отырып, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын біле алады.
Сондай-ақ, облыста Telegram-бот мобильдік қосымшасы арқылы тұрғындар дауыс беру учаскелерінің мекенжайы туралы толық ақпарат алуына болады. Бүгінге дейін 2 621 қоңырау және Telegram-бот қосымшасы арқылы 8 426 сұрау келіп түскен, оның ішінде 8 117 азамат өз сайлау учаскесін анықтаған.
Облыс орталығы Түркістан қаласында тіркеуде жоқ азаматтарды анықтау және тіркеу бойынша 5 сайлау учаскесі нақтыланып, ХҚКО қызметкерлеріне тіркеу базасына қолжетімділік қамтамасыз етілді. Облыс бойынша 309 сайлау учаскесінде egov.kz порталы арқылы сайлаушылардың тіркелмеген мекен-жайын тексеру бойынша онлайн сервистер ұйымдастырылған. Қызмет көрсететін комиссия мүшелері арнайы оқытулардан өтіп, тиісті рұқсаттары берілген.
Бұл ретте, 24/7 режимде Call — орталық 109 бен Telegram-бот @tur_sailaw_bot арқылы тұрғындар қай сайлау учаскелерінде дауыс беретіндігі туралы ақпарат ала алады. Call – орталық қызметі арқылы тұрғындар қай сайлау учаскелеріне дауыс беретіндігі туралы біле алады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments