ЖаңалықтарҚоғамСаясат

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН АҚТАУДАҒЫ ТЕҢІЗ САУДА ПОРТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ  

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен барды.

Кандидат теңіз сауда портында болды. Мұнда жүктерді ауыстырып тиеу қуаты 17,7 млн тоннаны құрайды. М. Қажыкен кездесу барысында порт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Тиісінше порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Ақтау порты – үлкен әлемге жетелер қақпа. Оның жүктерді ауыстырып, тиеуді ұлғайту үшін әлеуеті бар. Елдегі көлік логистикасы жүйесіндегі маңызы зор», — деді кандидат.

Сайлаушылар қолданыстағы жолдардың сапасына наразылықтарын білдіріп, М.Қажыкеннің бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

«Жолдар-коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу қажет. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады. Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін көптеген жолдар бар. Мен ел аралап шықтым және бұл мәселе туралы білемін», — деп атап өтті ол.

Кандидат сонымен қатар мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, ең төменгі жалақыны ашық есептеу, экология, сапалы білім беру және қолжетімді медицина мәселелерін көтерді.

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨҢІРЛЕРДЕ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-КЕҢЕСТЕР ӨТКІЗДІ

Алдыңғы

«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ» ӨКІЛДЕРІ ТҰРСЫНБЕКОВАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН НАУҚАН ӨТКІЗДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *