20 қараша күні елімізде үлкен саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетіні баршаға аян.
Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығын, ынтымағын, болашаққа деген сенімін, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн.
Әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайларды оңтайлы еңсеріп, елдің бүгіні мен келешегі үшін әрбір қазақстандықтың алдында Президенттік сайлауға белсенді қатысу міндеті тұр.
Шыны керек, демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі сайлауға қатысу деңгейімен өлшенеді. Өйткені сайлаудың әділ өтуі экономикалық, әлеуметтік және рухани фактоларға тікелей әсер етеді.
Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік берері айқын.
Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Осындай күрделі шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.
Ең бастысы, біз дұрыс таңдау жасауымыз қажет. Себебі, Президентті таңдау арқылы, біз елдің болашағын таңдаймыз. Сол себепті сайлауға белсенділікпен қатысып, әр адам өз жарқын болашағына дауыс беруі қажет.
Қатардағы азаматтардың басты міндеті – келіп дауыс беру. Белсенді болайық! Бірге болайық!
Қалжан МЫРЗАБЕКҰЛЫ,
«Асыл мұра» мәдени мұраны қолдау қорының төрағасы, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі
Comments