АймақЖаңалықтарЖастар саясатыМәдениет

ТҮРКІСТАН: ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ «ОФАРИН — 2022» ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ІСШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Офарин — 2022» фестивальі өтті.
Ісшараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылық құрамы, Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестіктің мүшелері және Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы құттықтау сөз сөйлеп ісшараға қатысушы өнерпаздар мен келген қонақтарға басшылықтың алғысын жеткізіп, ісшараның мақсатына тоқталып өтті. Түркістан облысында этностардың тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту бағытындағы жұмыстарды үйлестіру. Сонымен қатар қоғамдағы этносаралық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуда Түркістан облысында мекендейтін этностардың тілі, мәдениеті мен дәстүрлерінің, көркем өнер шығармашылықтарының дамуы арқылы мемлекеттік саясатты іске асыру мен этнос өкілдерінің қазақ халқын біріктірудегі рөлі кезінде рухани-мәдени тұтастығын нығайтуға ықпал ету — деді.
Сонымен қатар облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Нишанкулов Бадритдин Икрамжанұлы биылғы балалар жылы мерекесімен құттықтап фестивальға қатысқан жас өнерпаздаға алғысын білдіріп, құттықтауын жеткізді.
Шара соңын фестивальда өнер көрсеткен өнерпаздар мен жетекшілеріне облыстық өзбек этномәдени бірлестік төрағасының Дипломдар мен Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күйде концерттік бағдарламаны тамашалады.

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

АҚ ОРАМАЛ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *