АймақЖаңалықтар

ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және “Ассамблея жастары” РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің жастары, ЖОО-ның белсенді студент жастардың қатысуымен Түркістан қаласының тұрғыны қарт ана Ерденова Бибісара Төребекқызының шаңырағында болып, өздерінің 25 — қазан Республика күні мерекесімен құттықтап сый сыяпат жасалды.
Ассамблея жастары «SUNSHINE» атты қайрымдылық қор құрып жиналған қаражатқа азық-түліктер мен тұрмыстық гигеналық заттар алып, «Қайрымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты ұранды мақсат еткен жастар қарт анамызбен үнемі байланыста отырып, өздерінің әрдайым үй шаруаларына да көмектесіп тұруға дайын екендіктерін жеткізді.
Абзал ананың көңілін көтеру мақсатында әуелетіп ән де шырқап берді. Көтеріңкі көңіл күймен жастарға ана жүрегімен ризашылығын білдірген Бибісара апамыз өзінің жүрекжарды ақ батасын беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

МАРТА ӘМІРБЕК-“ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ-2022” ЖЕҢІМПАЗЫ

Алдыңғы

Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтуде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *