Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылына барып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында кандидат өз бағдарламасын таныстырып, жергілікті жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді.
Бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбедегі тұрғын үй алаптары мәселелерімен танысқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.
Comments