Басты ақпарат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

2022 жылғы 20 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі – Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.

Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.

Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне бір ай қалғанда, яғни 2022 жылғы 20 қазанынан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, олардың нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Осы құқықты:

— дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар;

— басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер;

— вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

Азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіледі.

Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады.

2022 жылдың 4 қарашасынан бастап Сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Құрметті сайлаушылар!

Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900-ДЕН АСТАМ САЙЛАУ УЧАСКЕСІ НАУҚАНҒА ДАЙЫН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛ-АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕТІНІН АЙТТЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *