Ерте заманнан бері Түркістан өңірі өзінің қасиетті жерлерімен саяхатшылардың назарын аудартты. Жергілікті су көздерінің емдік, шипалық қасиеті бар деп есептелген.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев «Түркістанның қасиетті суы» кәсіпорынының басшысымен зауыттың бірқатар мәселелерін талқылады.
Кәсіпорын басшысы Мұхтар Бекжановтың айтуынша:
«Түркістанның қасиетті суы» 60 метр тереңдікте өндіріледі. Бұл мөлдір таза, қоспасыз, минералдарға бай су. Кері осмосты қолданумен ультракүлгін сәулелерімен өңделеді. Және ол арнайы машиналардың көмегімен бөтелкеге құйылады. «Түркістанның қасиетті суында» — кальций, магний, калий, йод, натрий және басқа микроэлементтер бар. Бұл тұрақты тұтыну үшін қажет пайдалы құрамы мен қасиеттері бар су. Өздеріңіз білетіндей, кальций жүрек бұлшықетінің жиырылу күшін арттырады, иммунитетті арттырады, қабынуға қарсы әсері бар, сүйектердің өсуіне әсер етеді, олардың беріктігін арттырады. Магний-қандағы холестеринді төмендетеді, жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді, бас ауруын жеңуге көмектеседі, жүрек пен тыныс алу жүйесін қолдайды. Йод қалқанша безінің қызметін белсендіреді, резорбция және қалпына келтіру процестеріне қатысады. Марганец ақуыз алмасуын жақсартады. Түркістан екінші Мекке саналатын қасиетті жер, әрбір келген қонағымыз біздің қасиетті суымызды тұтынса,- деген ниетте. Болашақта атақты брендке айналдыру жоспарында бар.
Кәсіпорын толықтай автоматтандырылған, су өңдейтін жабдықты 100 мың АҚШ долларына өз қаражатына шетелден сатып әкелінген. Қуаттылығы күніне 1000 литр су шығаруға қауқарлы. 1 литр бөтелкедегі су – 100 теңгеге сатылуда. Бұл елді-мекен үшін ең арзан баға.
Кәсіпорында шыны ыдысқа су құюға арналған цех пен жабдық бар. Тек минералды суды ғана емес, шай түрлерін шығару жоспарлануда.
Comments