АймақЖаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СОЗАҚ ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ және Бәйдібек аудандарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Созақ ауданында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Онда күніне 30 мүмкіндігі шектеулі азамат пен ардагерлерге қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жанына қажеттінің бәрі бар. Дархан Сатыбалды орталық жұмысымен танысып, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүздесті.

— Аға буын қарияларға құрмет көрсету — ұрпаққа парыз. Біздің қазыналы қарттарымыз денсаулығын түзеп, бақытты өмір сүруі тиіс. Пайдалануға берілген жаңа нысан көпшілік сұранысын қанағаттандырады деп сенемін, — деді облыс әкімі.

Сонымен бірге облыс әкімі аудандық қорғаныс істер бөлімінің жаңадан салынған ғимаратында болды, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жылыту маусымына дайындығын саралады. Нақты тапсырмалар берді.

«Тәуелсіздік» саябағында Созақ тұрғындарының алдында сөз алған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды салаға бөліп, түсіндіріп берді. Алдағы жоспарлармен бөлісті. Алғаш іссапарын Созақ ауданынан бастаған облыс әкімі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының ел арасында үлкен қолдауға ие болғанын айтты.

— Біз үшін басты міндет — сіздерге адал қызмет ету. Берілген уәделерді орындау. Сіздерді толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді бірге талқылау үшін келіп тұрмыз. Бұл жерде барлық басқарма басшылары және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары отыр. 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында Президент реформалардың нақты 5 бағдарларын айшықтап берді. Олар еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Жалпы, бәріміз елдің игілігі үшін қызмет етуіміз қажет. Осында берілген уәделер орындалады, — деді Д.Сатыбалды.

Жаңа форматта өткен халық алдында есептік кездесуде инфрақұрылымдық мәселелер басым болды. Ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, облыс басшысы тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.

Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың көтерген мәселелерін тыңдады.

Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына жұмыс сапарында «Қапшағай» су қоймасына барып, жұмыс барысымен танысты. Аудан үшін ғана емес, облыс үшін маңызды стратегиялық нысанның жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Жауаптылармен, мердігермен кездескен облыс әкімі су қоймасының құрылысы қоғам назарында тұрғанын жеткізді.

Одан кейін өңір басшысы Шаян елді мекеніндегі 100000 кітап қорына арналған орталық кітапхана құрылысын көрді. Қосымша қаржыландыру мәселесі көтерілді.

Өңір басшысы Бәйдібек жұртшылығымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

— Бүгін өздеріңізбен арнайы кездесіп тұрмын. Мақсат — талаптарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдау. Бюджеттің жағдайы белгілі. Барынша тиімді қолданып, бірінші кезекте басталған, құрылысы жүріп жатқан жобаларды аяқтаймыз. Ал негізінен халыққа аса маңызды жарық, жылу, ауыз су мәселелерін шешуге күш саламыз. Әрбір өтініш назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді, – деді Дархан Сатыбалды.

Тұрғындар тарапынан өңір басшысына инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік жағдайды көтеру және өзге де мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Бәйдібектіктер жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, ел үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

Одан кейін Д.Сатыбалды бір топ тұрғынды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, заңға сәйкес тиісті жұмыс атқарылады.

Аймақ басшысы шағын бизнесті дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды күшейту керегін тілге тиек етті. Жергілікті кәсіпкерлердің өз өнімдері мен ауыл шаруашылығы техникалары қойылған көрмені тамашалап, аудан кәсіпкерлерінің қадамын оң бағалады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАННАН ҚОСТАНАЙҒА 100 ТОННАДАН АСА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАННАН ҚОСТАНАЙҒА 100 ТОННАДАН АСА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *