Бүгінгі таңда Қостанай облысындағы өртке Қазақстандағы әрбір азаматтың қабырғасы қайыса отырып, көмек қолын созуда. 4-қыркүйекте Шымкент қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында орын алған осы төтенше жағдайға байланысты зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау штабы құрылды. Ондағы штаб жұмысына қалалық этномәдени бірлестіктердің, ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың төрағалары мен мүшелері қатысты.
Нәтижесінде бүгінгі, 6 қыркүйек күнгі есеп бойынша Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың, Аналар кеңесінің тарапынан жалпы көлемі 1 065 000 теңге қаржылай көмек белгіленіп, арнайы шотқа (8-747-482-64-49 (каспий) нөмірі бойынша) аударылды. Сонымен қатар, 900 000 теңгеге жуық гуманитарлық көмек жиналды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таба беретін болады.
Comments