Жаңалықтар

Түркістан: Қостанайға 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіледі

Қостанай облысындағы өрттен жапа шеккен тұрғындарға түркістандықтар да көмектесуге ниетті. Облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері 1 күндік жалақыларын аударса, кәсіпкерлер де қаржылай көмектерін көрсетуде. Қазіргі таңда жиыны 70 млн.теңге қаржы Қостанай облысына көмек ретінде жиналды.

Арыстағы жарылыс, Мақтааралдағы төтенше жағдай кезінде ел болып қиындықты еңсерген Түркістан жұртшылығы облыста бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ашты. Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты мен Түркістан қалалық «Amanat» партиясының жанындағы «Jastar ruhy» жастар қанатының коворкинг орталығы, «Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры штабы, Шымкент қаласындағы облыстық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында қостанайлықтарға берілетін көмек заттары жиналуда.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының аудан-қаладағы филиалдары да көмек көрсетуде белсенділік танытуда. Сондай-ақ 17 аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» ғимараттарында гуманитарлық көмек жинақталуда.

Қазіргі таңда халыққа аса қажетті заттар:

— Төсек жабдықтары, көрпе-көрпеше, жастық, матрастар;

— Санитарлық жабдықтар;

— Ұзақ уақытқа жарамды консервіленген және жартылай фабрикатталған азық-түлік болып отыр.

4 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша 1 камаз гуманитарлық көмек жөнелтіліп үлгерген.

Ал ертең, қосымша тағы да 20 тонналық 2-3 жүк көлігі гуманитарлық көмек Қостанай облысына жіберіледі.

БІЗ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРМЕН БІРГЕМІЗ!

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОСТАР ҚОСТАНАЙҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *