ЖаңалықтарҚоғам

М.ӘЗІЛХАНОВ: ОТАНДЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІКТІ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ БАР КОНТЕНТПЕН ТОЛЫҚТЫРУ ҚАЖЕТ

Отандық ақпараттық кеңістікті ел бірлігін сақтауға арналған және жастар үшін тәрбиелік мәні бар контенттермен толтыру ¬– бүгінгі күндегі маңызды міндет.

Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында медиа саласының мамандарымен кездескен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов осылай деді.

Кездесу барысында қатысушылар қаланың медиа қоғамдастығының жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қатысуы, елдің ақпараттық кеңістігінде бірлік идеясын ілгерілету, жастар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар ұлттық ақпараттық контенттерді әзірлеу және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы клуб жетекшісі З.Оралбаева баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Б.Тайжан, «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Саидов, «Сақ» киностудиясының режиссёрі Б.Дәуренбеков сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

АШЫҚ ДИАЛОГ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ  

Алдыңғы

Ануар Акчурин бірінші орын иеленді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *