Шымкентте «Жас-Дарын-3» мектебінің құрылысы жүргізілуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
300 орынға лайықталған мектеп 3 қабаттан, 12 оқу бөлмесі, 8 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинеттен тұрады.
Абай ауданы Темірлан тасжолы көшесі,19/2 ғимаратта орналасқан.
Білім мекемесі оқу жылына 98% дайын. Қазіргі таңда «брусчатка» төсеу, қоршалуы мен абаттандыру жұмыстары жүруде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments