ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

Аспаз…

Астың дәмін келтіретін тұз болса, екеуінің де дәмін келтіретін – білгір аспаз. Аспаздық – өз алдына бір сала, мамандық. Өнердің түрі көп. Дегенмен астың қадірін білу, дәмін сезіну, адамға тағам арқылы қуаныш сыйлай білу – басқа дүние. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет екені даусыз. Бірақ Аспаз деген өте жоғары дәрежелі, шығармашылықпен айналысатын мамандық. мамандықтың қиындығы сонда, аспаздықты тек қана оқу арқылы игеріп кете алмайсыз, оған адамның бойында осы керемет мамандыққа деген бейім, қызығушылығы және Алланың берген дарыны болуы керек. Ағымдағы шілде айының 19 күні Қаратал ауданы Кәсіпкерлер Палатасының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Құсайынов Фархат, Қаратал ауданы әкімдігінің Жұмыспен Қамту Орталығы мекемесінің маманы Искакова Меруерттің қатысуымен өткен ауданымыздағы «Бастөбе сервистік-техникалық колледжін» жоғарыда атап кеткен шығармашылықты серік еткен «Аспаз» мамандығы бойынша бітіріп жатқан студентердің оқу кезінде үйренген шеберлігін сынайтын экзаменге қатысты. Фархат Құсайынов сөз кезегінде колледж бітірушілеріне:

Аспаздық – ең оңай жұмыс, ас үйде жүріп қарның ашпаса болды» дейтін ойдағы адамдардың ойы қате пікір дегім келеді. Бүгінгі нарық заманында айтар болсам әлемде дәрежесі президенттермен тең аспаздар бар, сондықтан жалақысы да өте жоғары. Егер бойыңда дарының,икемің болса аспаздық деген керемет. Бірақ аспаздықты күнделікті көже пісірумен шатыстымаған жөн. Адамның не жейтініне оның денсаулығы, көңіл-күйі, жұмысының сапасы байланысты. Ас әзірлеу – адамзатпен бірге дамып келе жатқан нағыз ғылым, сондықтан әр халықтың өзіндік рецепті бар ұлттық тағамдары бар. Ас әзірлеу де шығармашылықты, қиялды, тапқырлықты қажет ететін нағыз өнер.Бүгін диплом алып жатқан баршаңыздың болашақ істеріңізге толағай табыс тілеймін деп құттықтады.

Сөз соңында қызық дерекпен бөлісе кетейін — Аспаз мамандығы ежелгі мамандықтардың бірі болып саналады. 2600 жылы Крит аралында Грецияда алғаш пайда болған мамандық. Содан бастап аспаздық өнердің арнайы шеберлері бұл кәсіпте билеушілер мен дворяндар өкілдеріне тамақ дайындаған және еңбегіне ақша алған. Август және Тиберий императорлардың тұсында ұлы аспазшы Аписиус басқарған алғашқы аспаздық мектептер ұйымдастырылыпты.

Қобланды ӘБЕНОВ.

Кемел келешектің тұтқасы

Алдыңғы

Бейбіт күннің батырлары түркістандық жастармен кездесті  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *