АймақӘлеуметҚоғамРуханият

АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ II ТОҚСАН ОТЫРЫСЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ӘКЕ РОЛІ, БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылының «Шорнақ» ЖОМ Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сауран аудандық филиалының, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері мен аудандық этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.

Отырысты Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкул Жұманова ашып, жүргізіп отырды.

Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесінің 2022 жылдың ІІ-тоқсанында атқарған жұмыстары талқыланды. Жиында Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Б.Байтенова «Отбасы құндылықтарын насихаттау, әке рөлі, бала құқығы» тақырыбында сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Отырыс ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкул Жұманова өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жас отбасылар арасында неке бұзушылығының алдын алуға үлес қосу жолында Аналар кеңесінің ролі зор екенін жеткізді.

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ ЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Алдыңғы

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *