Созақ аудандық Полиция бөлімінде «Зайырлы ел – қайырлы ел» тақырыбында кездесу өтті. Полиция қызметкерлерінің бойында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткен жиында Түркістан облысының Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы теологы Қуаныш Қосмаханов арнайы дайындап барған лекциясын оқыды.
Дәрісінде мемлекет пен діннің ара қатынасын, дәстүрлі дін мен деструктивті діни ағым айырмасын жан-жақты талдап, түсіндіріп берді. Деструктивті діни ағымдардың шығу тегі олардың қоғамға келтірер залалы жөнінде әңгімеледі.
Кездесу өзара пікір алмасуға ұласып, теолог тәртіп сақшылары қойған сауалдарға тұщымды жауаптар берді.
Comments