2022 жылдың шілде айының 08 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е. Сариев, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы О. Ермекбаев «Ғаламтордағы діни ағымдардан сақ болыңыз», — тақырыбында Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу баысында Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров инетернет — ол қарапайым тілмен айтқанда дүниежүзін байланыстыратын желі. Интернет сөзінің қазақша аудармасы ғаламтор. Ғаламтор кез — келген технология секілді пайдасы мен зияны, артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүретін күрделі құбылыс. Уақыт өткен сайын ғаламтордың пайдасымен кеселін сараптап, пайдасын арттырып, кем тұсының әсерін кемсітуге ұмтылған жөн. Ғаламтор арқылы адам кез-келген уақытта және қай жерде болмасын, қалаған мәліметіне қол жеткізе алады. Аз уақыттың ішінде қажетті мәлімет табуға көмектеседі. Бүгінгі таңда көптеген жастар ғаламторда ұзақ уақыт отырады. Соның салдарынан теріс мәліметтерге тап болып, психологиялық өзгерістерге ұшырап жатады. Ғаламтор арқылы жарияланған діни мәліметтердің дұрыстығына көз жеткізбестен қабылдап, отбасы мүшелерінен теріс айналып жатады. Экстремистік сайттар адам санасын улап, өз идеологиясын тықпалап жатады. Мұндай уақытта біздерге қырағылық қажет. Қазіргі таңда дінді дәстүрлі түрде насихаттайды және түсіндіретін ғалымдардың кітаптары мен еңбектері қажетсіз болып отыр. Өйткені, жастар уақытының көбін Ғаламторда өткізеді, ал бұл кеңістікті дінді жеке мақсаттарына пайдаланатын Ислам атынан фонатизм мен жат радикалдық идеяларға насихаттайтын түрлі сайттар басып алған. Сіз немесе сіздің балаңыз ғаламторда ұзақ отыру арқылы отбасы мен достарына аз көңіл бөліп, маңызды істерге немқұрайлы қарай бастауы мүмкін. Ендеше, ғаламторды шектен тыс қолданып, оған тәуелді болып кетуден абай болайық ағайын деп қорытындылады.
Оқи отырыңыз
-
ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
470 рет оқылды -
-
«Детский травма» деген сөз хит болды ғой
663 рет оқылды -
Comments