2022 жылдың шілде айының 08 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е. Сариев, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы О. Ермекбаев Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі әкімінің мәжіліс залында ауыл әкім аппараты қызметкерлері ауыл тұрғындарымен «Ислам мен терроризм керағар ұғымдар», — тақырыбында кездесуге қатысты. Кездесуде А. Данияров ислам — бейбітшілік пен қауіпсіздік діні. Исламды терроризммен тең санау тарихи қателік әрі исламға жасалған ең үлкен қиянат болып табылады. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде ең соңғы, кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін — Ислам діні. Сөздеріміз жалаң ойдың шетінде жар тіреп қалмас үшін Ислам бүл мәселеге қаншалықты мән бергенін оның ең басты қайнар көздері саналатын Құран мен сүннетке назар салып қарайық. Мейірім мен рақым — жалпы жаратылыстың түп негізі. Абай атамыз айтқандай «Махаббатпен жаратқан адамзатты» Алла Тағала аса мейірімді және тым рақымды. Құрандағы барша сүре «Бисмиллаһир рохманир рохим» деп басталуы ең алдымен Ислам дініндегі Алла түсінігінен хабар беріп тұр. Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ. Сол тұрғыдан мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм, экстремизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Соған қарамастан батыстық бұқаралық ақпарат құралдары Исламды терроризммен байланыстыруға құмартып тұрады.
Оқи отырыңыз
-
ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАНДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
465 рет оқылды -
-
«Детский травма» деген сөз хит болды ғой
659 рет оқылды -
Comments