2022 жылдың шілде айының 05 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Шардара ауданы Сүткент ауыл округі әкімдігінің мәжіліс залында ауыл әкімі Қ. Кенбай, ауыл имамы М. Ташов, ауыл тұрғындарының қатысуымен «Діни ағымдардың алдын алу», — тақырыбында кездесуге қатысты. Кездесуде А. Данияров деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Мұндай ұйымдар тұлғаның табиғи үйлесімді, рухани, психикалық (ішкі деструктивтілік) және физикалык жағдайына қауіпті болып келеді, сонымен катар қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, мәдениетті жоятын (сыртқы деструктивтілік), жалпы қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады. Мұның көрінісін жеке адамның (лидердің) немесе адамдар тобының (басқарушы топ) басқа адамдардың санасына, өміріне адамдардың саналы түрде келісімінсіз мақсатты түрде заңсыз әсер етуді орнатуынан байқауға болады. Ол адамдардың табиғи емес және заңсыз лидерлер мен доктринаға мойынсұнушылық пен тәуелділіктің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Жастардың діни көзқарасына олардың ата — анасы әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Көп жағдайда солай болады. Ата — ана бір көзқараста, бала басқа көзқараста болу — өте сирек кездесетін жағдай. Сондықтан жат діни ағымдар өкілдерінің санының артуының бір себебін осыдан көруге болады.
Comments