АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

2022 жылдың шілде айының 04 — ші жұлдызы күні ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» ҚҚ — ның ұйымдастыруымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров, Шардара қаласында орналасқан Кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында жастармен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», — тақырыбында кездесуге қатысты. Кездесуде А. Данияров кез келген діни ағымның пайда болуында саяси астар бар. Тарихқа үңілсек, Ислам дініндегі ағымдардың бәрі белгілі бір саяси оқиға негізінде пайда болды. Ал сол ағымдарға жастардың еріп кетуінің негізі деп көптеген факторларды атауға болады. Жастық шақтың өзін негізгі фактор десек, қателеспейміз.

Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата — бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт — дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын тарататынын тілге тиек етті.

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

Алдыңғы

«КҮЙ – ҚҰДІРЕТ, КҮЙ — КИЕ» АТТЫ КҮЙШІЛЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *