АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ.

2022 жылы 27 — ші маусым күні Шардара қаласы Әуе қорғаныс күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері 10216-Е әскери бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметкерлермен «Діни әкстремизм терроризмнің алдын алу», — тақырыбында кездесуге рота командирі Б. Турсынбеков, рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары лейтенант А. Болатбеков, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров қатысты.

А. Данияров сөз кезегінде діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын — қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік — саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізуімен ерекшеленеді. Экстремизмге қарсы күрестің бірден — бір жолы олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды қатарына тарту үшін барлық қол жетімді мүмкіндіктер қолданылады: әлеуметтік желілер, тақырыптық форумдар, мессенджерлер, онлайн ойындар және т.б. Жарияланатын ақпарат белгілі бір мақсатты аудитория (жабық чаттар және әлеуметтік желілердегі топтар), сондай — ақ пайдаланушылардың кең ауқымы үшін дайындалады. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ислам діні өзімшілдікке жол бермейді, Алла алдында барша адам тең. Тәңірі басқаларға ісімен де, тілімен де зарар, зиян келтіруден тыйып, адамдарды мәмілемен, жарастықта, тату ғұмыр кешуге, бір — бірін қуаттап, қолдауға үндейді. Ислам соғысқа, қан төгіске шектеу қойған. Бейбітшілік адамзаттың басты құндылығы. Құран қағидалары қақтығыстардың алдын алып, ұрыс — жанжалдарды харам еткен. Қару жұмсауға, күш қолдануға басқалар шабуыл жасаған жағдайда, амалсыздан қорғану мақсатында ғана рұқсат етілген: «Өздеріңе біреу шабуыл жасаса, Құдай жолында сендер де соғысасыңдар. Тек өздерің килікпеңдер. Анығында Алла шектен шыққандарды ұнатпайды» Бүгінгі таңда терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар ірі жобаларды іске асырып, жан — жақты ауқымды істер атқаруда. Атап айтар болсақ ең әуелі кадр мәселесін қолға алу үшін медреселер ашып, жасөспірімдердің діни және дүнияуи білім алуын арттыруда. Сондай — ақ еліміздегі имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында республика аумағында семинарлар өткізуде. Діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қарастырылады. Азаматтық қауымдастықтың мемлекеттік органдармен бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаруы маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді деп қорытындылады.

Әуе қорғаныс күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері 10216-Е әскери бөлімінің рота командирі Б. Турсынбеков теолог маман А. Данияровқа алғысын айтып, әскери қызметкерлерге қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез — құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттеріміздің бірі болып саналады деді.

АРНАЙЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

Алдыңғы

САБАНТОЙДА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БЕРЕКЕ-БІРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *