АймақӘлеуметҚоғамРуханият

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ!

Сауран Ауданы Білім Бөліміне қарасты

«Алтын сақа» бала- бақшасында мерекелік іс шара болып өтті.

Мерекелік іс-шараға Аудан әкімі, аудандық өзбек этномәдени бірлестік мүшелері, зиалы қауым өкілдері, аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін бірден- бір мейрам. Қоғамдағы кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға шақыратын күн. Балаларды қорғау күнінде қорғау шаралары ғана емес олардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында концерттері де болады.

Бұл мереке балалардың асыға күтетін мерекесінің бірі. Себебі, жыл сайын бұл мерекеде бүлдіршіндерді қуанту үшін арнайы іс-шаралар өткізіледі. Міне осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру болып табылады.

Ауданымыз бір жаста. Аудан құрылғалы балалар күні мерекесі екінші рет аталып өтіп отыр.

Аудан әкімі Ғ.Қ.Рысбековте балалармен бірге батпырауықты ұшырып әдемі көңіл күй сыйлады.

*Шақпақтықтар Референдумды қолдайды.*

Алдыңғы

ӨЛКЕНІҢ ГҮЛ ЖАЙНАҒАН БАЛҒЫНДАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *