Айрықша мағынаға ие тарихи маңызды күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарих және тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, кітап көрмесі қойылды.
Аталмыш шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаев, Сауран аудандық мәслихатының хатшысы М.Күнпейсов, зиялы қауым өкілдері мен жастар, білім саласының өкілдері, ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалының мамандары, Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б.Баймұратов қатысты.
Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, бұл шараның Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін өтіп отырғандығын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдымен Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы бейнероликті тамашалады.
Содан кейін аудандық Мәдениет үйінің қызметкері Н.Төлемисовтің қасіретті жылдар туралы термесін тыңдады.
Дөңгелек үстел барысында аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов «Қасіретті жылдар жаңғырығы» тақырыбында баяндама жасады.
Сауран ауданындағы Үшқайық ауылдық округі, «С.Қожанов» атындағы шағын жинақталған орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б.Момбекова репрессияның құрбаны болған «Сұлтанбек Қожанов Алаш қайраткері» тақырыбында жан-жақты баяндама жасап, Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен репрессия жылдарындағы қызметі жайлы мағлұматтар айтты.
Аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейсов пен аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Әміреев сөз сөйлеп, қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш қайраткерлері туралы айтып, жастарды тарихты зерделеуге және өз елін сүюге шақырды.
Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, іс-шараны қорытындылады.
Comments