АймақӘлеуметҚоғамРуханият

САУРАН АУДАНДЫҚ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ.

Бүгін референдумды түсіндіру мақсатында аудандық өзбек этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшесі, Қазақстан халық партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ахмет Ерахан және Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауран аудандық филиалы директоры Примкулов Кайсар елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығын түсіндірді.

— Әр дауыстың маңызы бар. Конституцияға референдум арқылы 1995 жылдан бері өзгеріс енгізілген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы осындай ұсыныс жасады. Енді біздің еліміздің әрбір тұрғыны қатысып, өз ұстанымын білдіруі керек. Дауыс беру қорытындысы негізінде Парламенттің алдында конституциялық заңдарды қабылдау бойынша ауқымды жұмыс тұр,- деп, жиынға қатысушыларды бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Жаңа Қазақстанның Ата Заңын өзгертуге бірге атсалысуға шақырды.

Кездесу соңында Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері референдумға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

ОРДАБАСЫДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *