Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекованың төрағалығымен кеңестің ІІ тоқсандық отырысы өтті.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді, ынтымақ пен бірлікті нығайтып, елдегі ұлтаралық тұрақтылықтың маңыздылығын жастарға кеңінен түсіндіріп, өскелең ұрпақтың бойында қалыптастыру мақсатында аудандық Аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстарын қорытындылап, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарын талқылады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылардың орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалды.
Comments