АймақӘлеуметҚоғамРуханият

РЕФЕРЕНДУМ БАРЛЫҒЫМЫЗҒА БЕРІЛІП ОТЫРҒАН ТАРИХИ МҮМКІНДІК. БҰЛ ҚОҒАМДЫ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын.

Осыған орай 25 мамыр күні этнос өкілдері көп шоғырланған Рысқұлов ауылыдық округіне қарасты Азаттық ауылында Ата Заңға енетін өзгерістер жөнінде халық арасында кеңінен түсіндіру бойынша Түлкібас ауданыны әкімінің орынбасары Е.Орманов тұрғындармен кездесіп, Конституцияға енетін өзгерістер халықтық дауысқа салу арқылы шешімін табатынын айту негізінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға Түлкібас ауданыны әкімінің орынбасары Е.Орманов, Рысқұлов ауылыдық округі әкімі Н.Нышанбай, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалы ұжымы, құқық қорғау органдары қызметкерлері, этномәдени орталық төрағалары мен мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді халықтың таңдауы арқылы жүзеге асыру бастамасы — қоғамдағы саяси өзгерістердің батыл қадамдарының бірі болып табылады. Референдум – халықтың нақты бір мәселеге байланысты пікірі, көзқарасы, таңдауы. Онда әр қазақстандық өзінің пікірін білдіруге мүмкіндік алады. Конституцияға енетін өзгерістер бес бағытқа бөлінетін болады.

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

ОРДАБАСЫДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *