АймақӘлеуметҚоғамРуханият

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БІРІКТІРУШІ КҮШ

Бүгін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Кентау институты мен бірлесе этнос жастары арасында «Мемлекеттік тіл барша қазақстандықтарды біріктіруші күш» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Қ.Тажибаев жүргізіп отырды. Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Кентау институтының оқытушысы педагогика ғылымдарының кандидаты А.Қ.Мырзаханова баяндама жасады. Даярлық тобының студенті М.Захиджанов Абай Құнанбайұлының он бірінші қара сөзін жатқа оқыды.

Сонымен қатар, Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Б.Е.Дәрібаева мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жалпыхалықтық референдум туралы түсіндірді. Соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасты.

«ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕР» ЖӘНЕ «ДІНИ МАЗМҰНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Алдыңғы

ТАЛАПКЕР ЕҢСЕҢДІ ТҮСІРМЕ..

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *