Бүгін аудандық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай, «Бала — байлық» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Сондай-ақ, жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Игі шара Мақтаарал ауданына қарасты Еңбекші ауылдық округі «Нұрлы таң» жалпы орта мектебі мен «Айткүл ана» балабақшасында ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасында аудандық Аналар кеңесінің төрайымы С.Сейдуалиева бастаған аналар қауымы балаларға жүрекжарды тілегін айтып, мерекемен құттықтап, балмұздақ тарқатты.
Comments