АймақӘлеуметҚоғамРуханият

СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕТІНДЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ

Ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеу ісінің тиімділігін арттыру мақсатында ең алдымен азаматтарымызды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мақсатын кеңінен насихаттау үшін, Абай облысы, Бородулиха ауданынан келген арнайы делегаттар Манкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Биыл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылар үшін 6587 отбасыға квота бөліп отыр. Былтыр Сайрам ауданынан 42 отбасы құрамында 141 адам көшсе, биыл 13 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер артады деп күтілуде.

Өздеріңізге белгілі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Оңтүстікте 7 жыл бұрын қолға алынған-ды. Көзделген мақсат – жұмыс күші тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті азаматтарды тарту.

Оған қоса қазіргі таңда Dauletten қайырымдылық қорының жұмысы аясында «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1300 адам оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге өтініш білдірген. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан қоныс аударушыларды қолдау бойынша тағы бір әлеуметтік шара – солтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайту қарастырылуда.

Кездесу барысында Абай облысы, Бородулиха ауданынан келген делегаттар Манкент ауылының тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсынып, арнайы жеңілдіктерді түсіндіріп өтті.

  1. Қоныс аударушыларға көшуге материалдық көмек:

— әрбір отбасы мүшелеріне 214 410 теңге (70 АЕК).

  1. Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге субсидия қалалық жерлерге:

— 1 адам үшін 61 260 теңге (20 АЕК);

— адам саны 2-4 дейін 76 575 теңге (25 АЕК);

— адам саны 5 және одан көп 91 890 теңге (30 АЕК) төленеді;

ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

— 1 адам үшін 45 945 теңге (15 АЕК);

— адам саны 2-4 дейін 55 134 теңге (18 АЕК);

— адам саны 5 және одан көп 64 323 теңге (21 АЕК) төленеді.

  1. Ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үй салу (100 кв.м) шығыстарын 50%- ға дейін субсидиялау.
  2. Бау-бақша өсіруге 1 га және жеке ауласын ұстау мақсатында жайылымдық алқаптар 5 жылдан аспайтын мерзімге уақытша өтеусіз беріледі.

Кездесуге Бородулиха аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Альмира Байболова, «Халықты жұмыспен қамту орталығының» маманы Хусайнова Еркежан, Бородулиха ауданы Степной ауылдық округінің әкімі Жунисов Әділбек қатысып, қоныс аударуға ниет білдірген жерлестерімізге баспана, жұмыс орындары, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы толыққанды түсіндірді.

Сондай-ақ кездесуге “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алмас Әбдрахманұлы қатысып азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

АБАЙЛЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Алдыңғы

ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛОРДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *