АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНДАРЫ

Бүгін, аудандық Ардагерлер үйінің мәжіліс залында 4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бас қосуға ауданның қоғам белсенділері, “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы М.Сапаева, аудандық кітапхананың әдіскері Б. Байғасқа және өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді өкілі З.Ирисматовалар қатысты.

Әлібек Байназар: Тәуелсіздік дегенімізде ең алдымен рухани тылсым екеніне, бәрінен бұрын адамның жан-дүниесі, рухы мен ар-ожданы азаттық тілейтінін, өз табиғатына сай тіршілік кешкісі келетінін ұғына бастадық.Тәуелсіз рух дербес мемлекеттік жүйе, еркін шаруашылық жүргізу әдісін таңдамай тұра алмайды. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.Былайша айтқанда, тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілімен де сөйлей алады. Мұны оның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны айқындап тұру керек. Әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарында-олимпиадалық ойындарда, әлем, Азия, Еуропа біріншіліктерінде жеңіс тұғырына көтерілген спортшыларымыздың құрметіне көк байрақ көтеріліп, Әнұран асқақтайды,-деп жалынды тілектерін жеткізді.

Бағила Байғасқа: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы болып табылады,-деді.

Базарбай Мамадиярұлы: Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Қазақстан: Туымен-тұғырлы, Елтаңбасымен-Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!,-деп қорытындылады.

АРҒЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА СУ ҚОСУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ 

Алдыңғы

ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР МЕН ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *