Түркістан облысы Түлкібас ауданында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиынды Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов ашып, жүргізіп отырды.
Табиғат аясында еркін форматта өткен кеңес отырысына Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, облыстық қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы және этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Тимур Оралбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, облыстық қоғамдық денсаулық
басқармасының бөлім басшысы Меруерт Боташева, облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова, облыстық Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің аудан, қалалардағы төрағалары қатысты.
Жиында сөз алған С. Әбдіқұлов Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы мен Жолдауда жүктелген мақсат-міндеттерге тоқталды.
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда халыққа арнаған Жолдауында «Алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» деген болатын. Осы орайда Қоғамдық келісім кеңестері тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Биылғы наурыз айында Сарыағаш ауданында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиында жауапты сала жетекшілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды. Сол жиында ортаға салынған маңызды мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер зерделеніп, қазіргі таңда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы тарапынан нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күн тәртібіне сәйкес, екі басқармамен бірлесе алдағы атқарылатын жоспар-жобаларымызды талқылайтын боламыз. Алдағы уақытта облыстық Қоғамдық келісім кеңесі тарапынан қажетті қолдау жасай отырып, игі істерді бірлесе атқарамыз деген сенімдемін, — деді Созақбай Исаұлы.
Отырыс барысында «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы туралы облыстық қоғамдық денсаулық
басқармасының бөлім басшысы Меруерт Боташева және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова баяндама жасады.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Бұл ретте салалық басқармалар өкілдері сұрақтарға тұшымды жауаптар беріп, мәселелердің шешу бағыттарын түсіндірді.
Comments