Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өрлеуіне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға жетелеуші мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшінің мәртебесі биік. Үкімет тарапынан қолдау да, жеңілдіктер де бар. Тек жұмысыңа адал, антыңа берік болсаң болғаны.
Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Еліміздің өсіп-өркендеуінде, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуында өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің үлесі мол.
Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Ізгі тілекпен,
Дін істері басқармасының басшысы — Рүстем Сабыржанұлы
Comments