ӘлеуметЖаңалықтар

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы — бұл ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша беріледі. Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.

Айта кетсек, соңғы 5 жылда 287 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.

Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да аяқталады.

Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/321154?lang=kk

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙДІ 3 МЛН. ДЕЙІНГІ ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

Алдыңғы

ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *