ЖаңалықтарЖастар саясаты

ШЫМКЕНТ: « ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ 91 890 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛДІ  

Бүгінгі брифинг барысында халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Шағдат Әсетұлы Шымқаламыздың жастарын «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмысқа жолдама алуға шақырды.

«Өздеріңізге белгілі, «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды бағдарлама. Еліміз бойынша, оның ішінде Шымкентте аталған бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан жастар өте көп.

Мысалы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған болса, олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан»-деді спикер.

Спикердің сөзінше, ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-нан астам жас жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, тиісті жұмыс орындарына жолдама алған. Қазіргі таңда олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.

Айта кету керек, «Жастар практикасы» — уақытша жұмыс орны есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.

Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы көтеріліп 91 890 тг.құрап отыр (30 АЕК). Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын).

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуиникациялық орталығы

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ДІН

Алдыңғы

ЭТНОС ЖАСТАРЫ «ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *