Жаңалықтар

СЕНАТОРЛАР ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова Шымкентке іс-сапармен келді. Халық қалаулылары Б.Әлтаев бастаған Қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кездесуде өңірдегі өзекті мәселелер қаралды.

Кездесу барысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру, субсидия жайы, жылдық бюджеттің жоспарға сай игерілуі, мемлекеттік қызметшілердің халыққа ашық болуы сынды бірқатар мәселелер талқыланды. Қоғамдық кеңес өкілдері өңірдегі жағдайды баяндап, алдағы атқарылатын жұмыс барысын атап өтті. Сонымен қатар, күні кеше құрылған Құрылтайдың жұмысы да назардан тыс қалмады.

Жиын соңында сенаторлар өңірдің даму жоспарына қатысты негізгі мәселелерді назарда ұстайтынын айтып, Қоғамдық кеңес жұмысына сәттілік тіледі.

САУРАН АУДАНЫНДА «ҚҰРЫШХАН АТА» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ МЕН АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *