«Шымқала» тарихи- мәдени кешеніндегі «Музейдегі түн» тарихи іс-шараны тамашалауға да қала тұрғындары көптеп жиналды.
Іс-шараның мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, жәдігерлер құндылығымен таныстыру, жастарды тарихты зерттеуге, жәдігерлерді құрметтеуге үйрету, патриоттық сезімін ояту.
Мерекелік бағдарлама «Шымқала дастаны» театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды. Бұл дастан ұлы батылдық, елге деген махаббат пен намыс туралы.
Каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сағатттары және түрлі ойын түрлері көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылды.
«Қорқыттың көрі» театрландырылған қойылым да қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады.
Ашық аспан астындағы «Шымқала» кешені туралы деректі фильмнің тұсауы кесіліп, хореографиялық қойылым, су және от шоулары ұйымдастырылды.
«Шымкент келбеті» – Тағабай ҚАСЫМОВ, Фото: Серік Қосаев
Comments