2022 жылғы 13 маусымынан бастап Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасылардың 1-3 жас, 3-6 жас аралығындағы балаларға азық- түлік және 1-6 жасқа дейінгі балаларға тоқсан сайынғы тұрмыстық химия тауарларының жиынтық топтамасын ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПОРТАЛЫНДА ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы тіркелу басталатындығын хабарлаймыз.
‼️Тіркелу кезекпен жүргізіледі
❗Әлеуметтік қызмет көрсету порталына Бірінші кезекте 2022 жылдың қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар (қаңтар айынан кейін ақпан айы, наурыз айы кезеңімен) тіркелетіндігін мәлімдейміз.
Қабылдау: Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Бақытты жанұя орталығы» КММ
📍Мекенжайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы №4А
Comments