Жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар өз таңдауын жасады

Бүгін еліміз үшін айтулы оқиға – референдум күні.

Аудан тұрғындары таңғы 07:00-ден бастап аудан аумағында орналасқан референдум учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда. Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Темірлан е/м №456 референдум учаскесіне бірінші болып Әлиевтер (жас) отбасы, Мырзамсиевтер, Әділбековтер әулеті мен ауданымыздың ардагер ақсақалы Лесбек Жүсіп жұбайымен бірлікте барып, саяси науқанда өз таңдауын жасады.

Референдумға қатысқан жас жұбайлардың айтуынша әрбір аудан азаматы бұл тарихи оқиғадан қалыс қаламуы керек. Еліміздің дамып, гүлденуін ойлайтын әрбір азаматтың санасында саяси белсенділік басым болуы тиіс дейді. Айта кетерлігі, ауданымызда қазіргі таңда жалпы саны 49 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

Еліміздің болашағы мен азаматардың ертеңі үшін шешімдер қабылданатын саяси науқанға аудан тұрғындарының қатысу белсенділігі жақсы.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *