Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ӘЖЕЛЕР ШАШУ ШАШТЫ

Мақтаарал ауданы, Алғабас ауылының әжелері референдум учаскесінде шашу шашты. Көп балалалы аналар елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумның халық үшін зор қуаныш, үлкен той екенін атап өтті.

«Жаңа Қазақстанды құру жолындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамаларын ел болып қолдауымыз керек. Бала-шағамыздың, немере-шөберелеріміздің жарқын болашағына сенім артып дұрыс таңдау жасау үшін бүгін ауылдың әжелері болып учаскеге келдік» — деді ақ жаулықты әжелер.

Қазақтың салт-дәстүріне өте берік ауылдың әжелері өздерінен соң орта жастағы келіндері мен жас келіндері референдумға қатысуға келетіндерін айтты. Сонымен қатар, әжелер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 59 референдум учаскесі таңнан бері жұмыс істеп тұр. Аудан аумағында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 70587 азамат тіркелген.

100-ГЕ КЕЛГЕН ҚАРТ АНА ҮЙІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ  

Алдыңғы

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *