ДенсаулықЖаңалықтар

100 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА НЕМЕРЕЛЕРІМЕН БІРГЕ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ 

№23 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап ауыл тұрғыны 100 жастағы кейуана Бейсенбаева Рысалды немере-шөберелерімен науқанға қатысты.

«Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси реформаға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым.

Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын. Халқымыз аман болсын! Мемлекетіміз жасай берсін. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!», — дейді кейуана.

Осы орайда елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін қазыналы әжеміз жасына қарамастан алғашқылардың қатарынан табылғаны үшін сайлау учаскесінің төрағасы Нұрғазы Түлекбаев естелік сый табыстады.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Алдыңғы

AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *