ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді.
Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша:
✅ Қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.
✅ 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан.
✅ 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті.
79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды.
✅Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары – 80,04%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын жақтайды.
Айта кетейік, әлеуметтік сауалнама еліміздің 17 өңірінде 18-ге толған және одан ересек 1200 қазақстандық арасында жүргізілді.
Comments