ЖаңалықтарЖастар саясаты

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК СЫЙ ТАРТУ ЕТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ – бақытты аспан астында» атты қайырымдылық концерті өтті. Концерт қоғамдағы ерекше балалардың және олардың ата-анасының көңіл-күйін көтеру және дарынды бүлдіршіндерді көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

— Халықаралық балаларды қорғау күні — бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап ғана қоймай, олардың құқығын қорғап, қамқор болуға үндейтін күн. Бүгінгі концертке «Жігер» қоғамдық бірлестігі мен №7 оңалту орталығының бүлдіршіндері қатысты. Концерттік бағдарлама барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй, ерекше сыйлықтар сыйлап, тәттілермен қуантпақпыз. Әл-Фараби ауданында 180 мүмкіндігі шектеулі бала бар, — дейді Әл-Фараби аудандық жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Қайыржан Қайратұлы.

Салтанатты шара барысында демеушілердің қолдауымен ерекше балаларға базарлық үлестірілді.

— Бүлдіршіндердің жүзінен күлкі көру — біз үшін бақыт. Осы мақсатта игі бастаманы қолдап, бірқатар азаматтар бүгін салтанатты шараға қатысып, өз үлестерін қосты. Олардың балаларға деген қамқорлығы ерекше қуантып отыр, -дейді іс-шара демеушілерінің бірі Айгүл Кеңесқызы.

Әуезді ән шырқалып, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болған балалар мерекелік концерттен ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Айдана МҰХТАРОВА

РЕФЕРЕНДУМ – БИЛІКТІҢ ХАЛЫҚПЕН САНАСУЫ  

Алдыңғы

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *