5 маусымға белгіленген дауыс беру күні жақындаған сайын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы идеясын қолдау деңгейі де артуда. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген соңғы әлеуметтік онлайн-сауалнама нәтижелері көрсеткендей, сұралғандардың 78,52%-ы референдум туралы біледі, ал қазақстандықтардың 72,01%-ы оны өткізу идеясын қолдайды.
Респонденттердің шамамен 68,92%-ы дауыс беруге баруға ниетті. Енді олардың плебисцит күні Жаңа Қазақстанның құрылуын бірден бастау үшін түзетулерді өз дауыстарымен «заңдастыруы» маңызды.
Comments