ӘлеуметЖаңалықтар

«ОҢТҮСТІК» АЙНАЛМА ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ  

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылыс барысымен танысты. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. 2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр.

Айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда.

Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда.Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр. Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал, 8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ 

Алдыңғы

Қауіпсіздікті сақтау – қоғам талабы  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *