ӘлеуметЖаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов онлайн қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Тұрғындар осы қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінімі және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған.

Кезекті қабылдауда азаматтар жер иеліктерін заңдастыру, қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағынаудандардағы ішкі орам көшелерге асфальт төсеу және балалар спорт алаңшаларын салуға жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар көтерген мәселе әрқашан әкімдіктің назарында екенін айтқан Мақсұт Пернебайұлы тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді. Айта кетсек, тұрғындардың қолайлылығы үшін азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.

М.Исахов жетекшілік ететін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, инфрақұрылым, құрылыс және жер қатынастары, цифрландыру, спорт салаларына қатысты мәселелер бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы жазыла алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТПЕК  

Алдыңғы

ОРЫН АЛҒАН ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЖД БАСТЫҒЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *