Шымкенттік Ерлан Ескермес Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Аталған оқу орнында “Механика-математика” мамандығы бойынша білім алған. Ағымдағы жылдың ақпан айында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп оған “Жастар практикасы” бағдарлмасымен қаладағы Әл-Фараби атындағы академиялық мектепке жұмысқа жолдама берілген. Жас маманға аталған білім ошағында тәлімгер бекітіліп, ол бүгінде жоғары сынып оқушыларына математикадан дәріс беру, оқушыны ҰБТ-ға дайындау процесстерін үйренуде. Яғни, тәжірибе жинақтау үстінде.
— “Жастар практикасы” оқуын бітірген жас маманға тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік. Сондай мүмкіндікті қалт жіберіп алғым келмеді. Міне, қазір мектепте жұмыс жасап жатқан жағдайым бар. Өзімді жақсы қырымнан көрсетіп, жұмысымды тиянақты атқарсам, мүмкін осында тұрақты жұмысқа да қабылдап алып қалулары мүмкін, — дейді Ерлан Ескермес.
Айта кету керек, “Жастар практикасы” бағдарлмасының мерзімі 12 айға ұзартылған (бұрын 6 болатын). Айлық жалақысы да біршама артып 91 899 тг.құрап отыр.
2022 жылы “Жастар практикасы” бағдарламасына 2098 жасты қамту жоспарлсанса, жыл басынан 919 жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.
Даурен Болыс
Comments