ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Берік Әбдіғалиұлының Шымкент қаласына іс-сапары қаламыздағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасында зиялы қауым өкілдерімен, тіл жанашырларымен кездесуімен басталды.
«Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің алдына қойған мақсаттары мен бүгінгі таңдағы жай-күйіне тоқтала келіп, алдағы 5 маусым күні өтетін референдумның маңызына тоқталды.
Ата заңымызға енгізіліп отырған барлық өзгерістер мен толықтырулар халықтың мақсат- мүддесіне орайластырылып жасалып жатқанын айтты. Сондықтан да осындай алмағайып кезеңде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамаларына қолдау қажет екенін де айта кетті. Қазақ тілінің заңдылығына сәйкес болашақта кәсіпкерлер дүкендерінің маңдайшасына қос тілде жазу мәжбүрленбейді екен. Бірақ міндетті түрде мемлекеттік тілде жазылуы талап етілетінін айтты. Әлі тіл туралы заңға енгізілетін өзгерістердің көптігін тілге тиек етті.
Кездесу зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің сұрақ- жауабымен жалғасты.
Comments