Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында 2022 жылдың 1-17 мамыр аралығында есту қабілеті нашар спортшыларға арналған 24-ші Сурдлимпиада ойындары басталды. Ойындарға әлемнің 100 елінен спорттың 21 түрінен 3500-ден астам спортшы қатысуда.
Қазақстанның намысын 9 спорт түрінен 65 спортшы қорғады, олардың құрамында Шымкент спортшылар — Пернеш Шадияр мен Рсалы Сабыржан бар.
Спортшылар еркін күрестен Пернеш Шадияр 65 келі, Рсалы Сабыржан 70 келі салмақта өз шеберліктерін көрсетті.
РСАЛЫ САБЫРЖАН КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ!
ПЕРНЕШ ШАДИЯР V-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ!
Құттықтаймыз!
Comments