Шымкентте «Ұлы жеңіс жасасын!» атты әскери-патриоттық іс-шарасы өтті. Ұлы Жеңіске 77 жыл толуы мен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға №103 жалпы орта білім беру мекемесі мен Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды.
Әскери-патриоттық іс-шара барысында қатысушылардан командалар құрылып, олар әскери нормативтер бойынша сайысқа түсті. Сайыс барысында оқушылар әскердегі өмірдің қыр-сырын жете ұғына білді. Сайыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздарды дайындаған ұстаздар «Жастар ресурстық орталығының» Алғыс хатымен марапатталды.
Comments