Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ бірлесе отырып, Шымкент қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экспорттаушылары үшін 2022 жылдың алғашқы өңірлік экспорттаушылар кеңесі өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту» АҚ жобаларды дамыту департаментінің директоры Сағынаев Айбек Ролланұлы, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру департаментінің аймақтық менеджері Нұрғалиев Алмаз Берікқалиұлы, Шымкент қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП және «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның басқарма төрағасы Илимбаев Расул Русланұлы, аудан әкімдері, әкімдіктің тиісті басқармаларының басшылары және Шымкент қаласының 40 ірі экспорттаушы кәсіпорындары қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселе қала экспортын дамытуға және ілгерілетуге тосқауыл жасайтын кедергілер мен шектеулер жөніндегі мәселелер мен шешу жолдары қаралды. Экспорттаушы кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, отырыста кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері талқыланды.
Comments